Кәрез балына арналған рамалар, кәрездегі балды сатып алу

Біздің интернет-дүкенінде кәрез балына арналған пластикалық шағын рамаларды және секциялы балды кәрездерді сатып алуға болады.

Омарташыларға:

Бізден Сіз бірегей технология бойынша экологиялық таза және сертификатталған материалдан жасалынған кәрез балына арналған пластикалық рамалар сатып ала аласыз.

Кәрез балына арналған шағын рамаларды пайдалану омарташыға еңбек шығынын төмендетуге және де кәрез балын дайын тартымды қаптамада алуға мүмкіндік береді. Kөбірек...

Бал сүйер қауымға:

Табиғи секциялық кәрез балы – бұл пластикалық контейнерлердегі кішкентай мөлшердегі өнім. Біздің сайтта ара ұясынан алынған, ешқандай қосымша өңдеуге түспеген шағын рамалардағы кәрез балын сатып алуды ұсынамыз.

Кәрез балында өнімнің барлық пайдалы қасиеттері сақталады, түрі тартымды және тәбетті ашады, тасымалдауға , сақтауға және қолдануға ыңғайлы. Kөбірек...
Кәрез балына арналған пластикалық шағын рамаларды жинақтау Кәрез балында өнімнің барлық пайдалы қасиеттері сақталады

 

Омарташыларға балды сату, анығырақ айтсақ дұрыс бағамен өткізу мәселесі құпия емес. Балды сатуды ұлғайту және оның бағасын көтеру үшін Сіз біздің сайтта ұсынылатын кәрез балын жинауға арналған секциялық рамаларды пайдалана аласыз.

Кәрез балын жинау үшін шағын рамаларды қолданудың артықшылықтары:

  • Кәрез балының бағасы кәдімгі балдың бағасынан жоғары, ал шағын рамалардағы кәрез балының бағасы одан да жоғары болады. Кәдімгі балды өндіруге қарағанда секциялық кәрез балын алуға еңбек шығыны мен уақыт аз кетеді.
  • Кәдімгі ағаш рамасы сияқты пластикалық рамка дәл осындай өлшемде 435*145 мм.
  • Кәрез балына арналған шағын рамалар әртүрлі азық – түлік өнімдерін тасымалдауға және сақтау үшін тұтыну ыдысын дайындауға рұқсат етілген, сертификатталған материалдан жасалынған (полиэтилентерефталат, қысқаша ПЭТФ).
  • Кәрез рамаларын жинау процесі қарапайым және ерекше дағдыларды қажет етпейді. Ағаш рамалары сияқты шегелеп, сым тартып және де балауыз жапырағын балауыздаудың орнына, пластикалық раманы әрбір жерінен степлермен бекемдей саласыз. Сонымен қатар балауызды қолданбайсыз, шағын рамаларда кәрез қалыптастырылған, оларды өз омартаңыздағы ерітілген балауыз қабатымен жаба саласыз, бұл аралардың ауруларын тарату қаупін төмендетеді. Сонан соң оны ара ұясына қоя саласыз.
  • Пайда болған кәрез балы дайын және берік орамда, бөлшек сауда талаптарына сәйкес келетін тартымды түрде болады.
  • Кәрез балына арналған рамалар өнеркәсіптік көлемде кәрездегі балды өндіруге мүмкіндік береді.
  • Кәрез балына арналған шағын рамаларға минималды тапсырыс беру барлығы 25 жинақты құрайды, олар 1 қорапқа салынған, салмағы 5 кг.

Ашылмаған және түгел қолданылмаған секцияларын келесі жылы қайта қолдануға болады.