Кәрез балына арналған рамаларды құрастыру процесі қарапайым және ерекше дағдыларды талап етпейді. Кәрез балына арналған рамаларды құрастыру үшін бізге қосымша кеңсе степлері, құрылыс степлері және ені 3-5 см. бояу жаққыш қажет.
- Екі пластикалық раманың бөлшектерін аламыз. (сурет 1).
- Бірінші жартысын сыртқы жағымен жоғары қарай үстелге қойып 2 ағаш брусокты раманың жоғары жағына қоямыз. (сурет 2). Раманың екінші жартысын біріншімен қосып ағаш брусоктар раманың ішінде қалатындай етіп қосамыз. (сурет 3).
- Раманың екі жартысын бір-біріне степлермен қосамыз. (сурет 4). Пайда болған пластикалық рама неғұрлым мықты болады, ал ағаш брустар рамаға бал толғаннан кейін сынып кетуден сақтап тұрады. Одан мықтырақ болу үшін пластикалық раманы құрылыс степлерімен бекітуге болады. (сурет 5).
- Содан соң балауызды су ваннасына жылытып алып (сурет 6) бояу жаққышпен балауызды жұқа етіп раманың ішкі бетіндегі пластикалық балауызға жағамыз (сурет 7).
- Балауыз суығаннан кейін пластикалық раманы ара ұясына саламыз (сурет 8). Аралар кәрез жасауға белсенді кірісу үшін балауызға бал сиробын шашып қою қажет.
ВИДЕО: сборка пластиковых мини рамок для сотового меда
Нанесение воска на рамку (видео)